Аршалы ауданында балғындар мектепке дейінгі біліммен 100 процент қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда, 10 мемлекеттік, 6 жеке меншік балабақшаларда 1 мен 6 жас аралығындағы 1165 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Сондай-ақ, өңірде 1531 баланы қамтитын 17 мемлекеттік және 3 жеке меншік шағын орталық тұрықты жұмыс істеп тұр. Аудандық білім бөлімінің жетекшісі Мереке Молдахметов ағымдағы жылы 280 бала тәрбиеленіп жатқан 4 жеке меншік балабақшаның жұмысына ата-аналардың көңілі толатынын жеткізді. Солардың бірі, Волгодоновка селосындағы «Ертөстік» балабақшасы.
Жібек жолы ауылындағы «Балбөбек» балабақшасы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілді. Оны да кәсіпкерлер заманауы талаптарға сай салып берді.
Ауданда балабақша кезегін қысқартуға ағымдағы жылы іске қосылған 4 жеке меншік нысан септігін тигізді. Алдағы жылдары да бүлдіршіндерге деген қамқорлық жалғасын таба түспек.