Домой Новости области Аршалы агротехникалық колледжінде жастар 6 мамандық бойынша білім алады

Аршалы агротехникалық колледжінде жастар 6 мамандық бойынша білім алады

569
0

Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы Аршалы агротехникалық колледжінде жастар 6 мамандық бойынша оқып білім алуда. Қолына диплом алатын орта буын мамандар жұмыссыз қалмайтынына сенімді. Өйткені, оларға сұраныс бар.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарыдай шашылып қала жаздаған Аршалы агротехникалық колледжі 30 жылдың ішінде сапалы білім беруге мүмкіндігі бар ордалы оқу орындарының қатарына қосылды. Жаңа оқу жылында аграрлық өңірге ауадай қажет болашақ жұмысшы кадрларының саны еселеніп артты. Соның айқын айғағындай 2020 жылы қолына диплом алған жастардың 94 проценті өз мамандықтары бойынша жұмысқа тұрды. Олар облыстың бірнеше ауданының шаруашылықтарында еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша «Еңбек» бағдарламасының аясында 174 адам кәсіби білімін жетілдірді.

Колледж оқушылары Аршалы ауданында және облыста өтетін мәдениет-көпшілік шараларға, байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында болашақ жұмысшы кадрлары спорттық жарыстарда да сан мәрте жеңіске жетті.

Жұмысшы — мәртебелі мамандық. Аршалы агротехникалық колледжінің студенттері оқуды тәжірибемен жалғастырып, қолына диплом алған соң еңбекке етене араласатынына нық сенімді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму