Домой Новости области Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің жанында электрондық кітапхана құрылды

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің жанында электрондық кітапхана құрылды

882
0

Цифрлы Қазақстан жобасы мемлекеттің дамуында үлкен рөл атқаратыны анық. Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік сала толықтай реформаланды. Соның ішінде рухани азық беретін кітапханаларды жаңғырту мәселесіне көп көңіл бөлінді. Бұл жаңашылдықтар облыс орталығында да орын алды.

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің жанында электрондық кітапхана құрылды.  Мұнда оқырмандарға кітаптарда сандық форматта жүктеу мүмкіндігі берілген. Кітапхана қызметкерлері бұл шара жастарға өте пайдалы екенін атап өтті.

Цифрландыру дәуірінде жастарды рухани жаңғырту уақытпен бірге қадам басуы тиіс. Электронды кітапхана ғимаратында заманауи мультимедиялық орындықтар орналастырылған.

«Кітап-алтын қазына» демекші, кітапсыз білім алып, жеке тұлға болып қалыптасу мүмкін емес. Сондықтан да жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру біздің қолымызда.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму