Ақмола облысының жер қоры 14 миллион 613 мың гектар. Оның 74 проценті – ауыл шаруашылығы мақсатына тиесілі. Бүгінгі таңда аймақта жайылымдық жер мәселесі өзекті.
Облыс аумағында жерді тиімді пайдалану мен экономикалық айналымның үлесін арттыру үшін белсенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аукциондар арқылы 200 жер телімі сатылды. Соның арқасында мемлекеттік бюджетке 507 милионнан артық қаржы түскен.
Деректерге сәйкес облыс бойынша 2 миллион 667 мың гектар пайдаланылмаған жайылымдық жер бар. Космомониторингтің нәтижесінде бос жерлерді тиімді пайдалануға ескерту хаттары жіберілді. Ал 91,2 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Елдімекендердің шекарасын шегендеу мәселесі де күн тәртібіне қойылған. Облыс аумағында 605 елдімекен бар. Қосшы секілді жаңадан құрылған қалалардың шекерасын белгілеу жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.