Ақмола облысының ірі кәсіпорындарының бірі халықаралық нарыққа шығады

Республика тұрғындары жақсы көретін балмұздақ таяу шет елдер үшін де қолжетімді болмақ. Зауыт Ресей мен Оңтүстік Кореяға сүт өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Өзбекстанмен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде.

Көкшетаудың балмұздағы қазақстандықтардың сүйікті тәттісіне айналғалы қашан. Ол КСРО кезінде шетелдіктердің іздеп жүріп сатып алатын өнімі десек артық емес.  Кәсіпорын өнімдері бірнеше жыл бұрын экспортқа шықты, бірақ карантиндік шараларға байланысты жеткізілімдер тоқтап қалды. Таяу уақытта Ресей мен Оңтүстік Кореяға экспорттауды жолға қою жоспарлануда. Пандемия басталғанға дейін мұнда Чечил ірімшігі экспортталды. Ал ресейліктер қазақстандық өнімдерді жеткізуді 2 есеге дейін арттыруды көздеп отыр.

Бүгінде өндіріс желісі арқылы өнімнің 60-тан астам түрі шығарылады. Егер жарамдылық мерзімі ұзақ өнімдер экспортқа жөнетілсе, кәсіпорын ай сайын Қазақстанның әр өңіріне 20 тоннаға жуық түрлі өнімді жеткізеді. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында сұраныс жоғары.

Балмұздақ, «Чечил» және сары май – экспортқа шығарылатын негізгі өнімдер.  Шұжық тәріздес ірімшікті экспорттау да жоспарда бар. Басты проблема оны жеткізуге арналған арнайы көлікте. Жалпы алғанда кәсіпорын экспорт көлемін айына 60 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Яндекс.Метрика