Домой Новости области Ақмола облысының ауылдарында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасуда

Ақмола облысының ауылдарында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасуда

323
0

Өңірде ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жүзеге асырылуда. Іс-шаралар қатары Жақсы ауданының Терісақан және Қазақстан ауылдарында жалғасты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жергілікті тұрғындар үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, кітаптар мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарының көрмесі, аудан және ауыл әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның қонақтары еңбек ардагерлері, ауыл еңбеккерлері, ауыл шаруашылығының озаттары болды.

«Бұл ауыл тұрғындары үшін нағыз мереке болды. Ауыл тұрғындары барлық іс-шараларға белсенді қатысты. Бір-біріне самовардан ыстық шай мен бауырсақтан дәм татып, ән айтып, би биледі. Осындай мерекелер ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, күнделікті уайымдардан бас тартуға мүмкіндік береді», — деді Терісақан ауылының әкімі Еркеназ Кеңесова.

Тұрғындардың ду қол шапалақтары, жылы достық атмосфера, күлкі мен жақсы көңіл-күй мерекенің ажырамас атрибуттарына айналды.

«Бізге іс-шаралар өте ұнады. Олардың барлығы таза ауада өткені өте жақсы. Әсіресе, аудандық мәдениет үйінің әртістері ұйымдастырған концерт ерекше есте қалды. Жергілікті таланттар да мерекеде керемет өнер көрсетті», — деп бөлісті Қазақстан ауылының тұрғындары.

Сондай-ақ, іс-шара барысында белсенді ауыл тұрғындарына алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.

Айта кетейік, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны қазан айында облыстың ауылдық елді мекендерінде ауылдарды тұрақты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық қолөнерінің элементтерін сақтау және дамыту мақсатында өткізіледі.