Ақмола облысының 60-тан астам елді-мекенінің көне қазақша атаулары анықталды

Өңірдің тарихи топонимдерін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне қарасты «Халық қазынасы» институтының ғылыми қызметкері Ирина Бекзатқызы зерттеген. Тарихи әрі қоғамдық маңызы бар «Ақмола облысының тарихи топономидері» зерттеу кітабы  облыс әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты.

Ирина Бекзатқызы  Алматы мен Омбы қалаларындағы орталық архив құжаттары мен географиялық карталарды ақтарған. Нәтижесінде қазір Ақмола облысында  орыс тілінде аталып жүрген біраз елді-мекеннің қазақша атын тауыпты. Еңбек 300 дана болып басылды.

Мәселен, бір ғасыр бұрынғы құжаттарда Макинка – Аютөбе, Партизанка – Тұрымтай, Новосёловка – Жалтыркөл, Михаиловка – Жыланды  деп аталған. Тіпті біз Бурабай деп білетін көл көнеде «Көкшетаудың теңізі» деп картаға түсіпті.

Топонимдерді зерттеу – мемлекеттік тіл саясатының басты бағытының бірі, — дейді автор. Иә, тарихи шындық орнату уақыт еншісінде. Ғылыми фактімен дәлелденген жер-су атауларының атын қайтару енді мемлекеттік органдардың еншісінде.

Яндекс.Метрика