Домой Новости области Ақмола облысында үздік жас тарихшылар анықталды

Ақмола облысында үздік жас тарихшылар анықталды

922
0

Өңірде педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының кезеңі онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара туған елдің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық және азаматтық сезімдерін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту мақсатында өткізілді.

Білім басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, байқауға мектеп, аудандық, қалалық кезеңдерде іріктеуден өткен 13 ауданнан, Степногорск, Көкшетау қалаларынан және дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан 61 оқушы қатысты.

Конкурс екі турда және «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» және «Менің туған өлкем» номинациялары бойынша өткізілді. Қатысушыларды бағалау кезінде қазылар алқасы тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды.

«Мен үшін бұл ауданның тарихи ескерткіштерін зерттеудегі үлкен тәжірибе. Мен көптеген қызықты нәрселерді білдім. Осы байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Республикалық байқауда облыс намысын лайықты қорғауға дайынмын», — деп ойымен бөлісті Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, «Кіші Отанымның символы» номинациясының жеңімпазы Нұржан Мұратов.

Айта кетейік, облыстық кезеңнің жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, қараша айында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму