Домой Новости области Ақмола облысындағы Степногорск қаласы Елордадан 185 шақырым жерде орналасқан

Ақмола облысындағы Степногорск қаласы Елордадан 185 шақырым жерде орналасқан

848
0

Степногорск — Ел Тәуелсіздігімен қатар дамыған қаланың бірі.  Сәулеті сәт санап артып, шаһар шырайын еселеген жаңа нысандар көптеп бой көтеруде.

Степногорск қаласы Елордадан 185 шақырым жерде орналасқан. Ол 60 -шы жылы іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары 80 -ші жылдардың соңына дейін жалғасты. 1997 жылғы 11 наурызындағы Ақмола облысы әкімінің шешімімен Ақсу және Бестөбе кенттері Степногорск қаласының шекарасына еңгізілді.

Степногорскде химия, машина жасау, микробиология, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындары, энергетика саласы жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындары: кен-химия комбинаты жұмыс істейді.

Мұнда телефон станциясы, 7 аурухана, 9 емхана, 7 дәріхана, қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген 1000 орындық аурухана кешені бар. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беретін 38 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 13, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, станциялар, мәдениет сарайы, 9 клуб, 12 кітапхана, мәдениет және демалыс саябағы да қарастырылған.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму