Домой Новости области Ақмола облысындағы медиация кеңесі бір жылғы жұмысын қорытындылады

Ақмола облысындағы медиация кеңесі бір жылғы жұмысын қорытындылады

279
0

Ақмола облысындағы медиация кеңесі бір жылғы жұмысын қорытындылап, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясының үздік медиаторы» байқауының жеңімпаздарын  марапаттау рәсімі өтті.

Дау-дамайды оған қатысы жоқ тараптардың араласуы арқылы шешу жолы Ақмола облысында жемісті жүзеге асып келеді. Биыл медиация кеңесіне 10 жыл толып отыр. Осыған орай дөңгелек үстел басына жиналғандар өңірдегі медиация институтының даму әлеуетін талқылады.

Шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясының үздік медиаторы» байқауына қатысып, үздік шыққандар марапатталды. Аталмыш сайыста Степногорск қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Фарида Есжанованың еңбегі үздік деп танылды.

Байқауға қатысқан өзге де қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кездесу соңында медиаторлар алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын талқыға салды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму