Домой Новости области Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы оқушылар арасындағы пікірталас өтті

Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы оқушылар арасындағы пікірталас өтті

1210
0

Өңірде оқушы және студент жастар арасында дебаттық қозғалыс қарқынды дамуда. Жыл сайын әртүрлі деңгейдегі пікірсайыс турнирлер өткізіледі. Жақында Шортанды ауданында оқушылардың қатысуымен «Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері» тақырыбында пікірталас өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Шортанды ауданының білім беру бөлімі мәліметі бойынша, пікірталас Бектау ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Сөз мерген» дебат клубы мүшелерінің қатысуымен өтті.

«Бүгінгі іс-шара оқушылардың білім деңгейін, сыни ойлауын, шығармашылық белсенділігін арттыру, оқушылардың азаматтығы мен патриотизмін дамыту мақсатында өткізілді. Балалар шешендікпен жарысып, егемендік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы айтты. Барлық қатысушылар зияткерлік қабілеттерін көрсетті», — деді іс-шараның бастамашысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ербол Мәдениет.

Пікірталасқа оқушылардың бірнеше командасы қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша «Жалын»командасы жеңімпаз атанды.

Тәуелсіздік мерейтойы аясында облыста оқушылар арасында бірқатар пікірсайыс іс-шаралар өткізілді. Жақында Көкшетауда пікірсайыс турнир өтті, оған 12 ауданнан, 2 қаладан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттан 40 команданың атынан 80 оқушы қатысты. Пікірсайыс турнирі американдық парламенттік формат бойынша қазақ және орыс лигаларында өткізілді.

Айта кетейік, облыс мектептерінде 5000-нан астам оқушыны қамтитын 348 дебат клубы жұмыс істейді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму