Облыс орталығында халықаралық қарттар күніне арналған айлық аясында медицина қызметкерлері-сала ардагерлеріне салтанатты құрмет көрсетті. Іс-шара қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен өтті.
Облыс орталығында медицина саласында жұмыс істейтін және құрметті демалысқа шыққан ардагерлерді, қарт адамдарды, зейнеткерлерді салтанатты түрде құттықтады. «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен 18 ардагер марапатталды.
Ардагерлердің өздері болашақ ұрпаққа жақсылық, махаббат, күш пен шыдамдылық тіледі.