Ақмола облысында «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Жол картасына» енген индикаторлардың 27 проценті жүзеге асырылды

Ақмола облысында «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Жол картасына» енген индикаторлардың 27 проценті жүзеге асырылды. Бес жылға арналған даму жоспарында орындалмай қалу қаупі бар шаралар да бар. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес бюросының отырысында олқылықтың орнын толтырып, жаңа жобаларға ауыстыру бойынша ұсыныстар ортаға салынды.

Халыққа қажеттісі – үй мен күй. Бес жылда өңірде 3,4 миллион шаршы метр баспана салынбақ. Оның 150 мыңы көпбалалы отбасыларға тиесілі болады. Айта кетейік, сегіз айда,  «Жол картасына» енген 1889 жобаның 506-сы орындалды. Қалған 1 124 жоба жүзеге асырылып жатыр. Айталық, бағдарлама аясында талай шаруаның басы қайырылмақ. Себебі, іс-шараның басым бөлігі — халықтың тұрмысын түзетуге бағытталған.

Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыруда оң серпін байқалады. Айта кетерлігі, пандемияға байланысты орындалмай қалу қаупі бар 4 шара жаңа жобалармен алмастырылған.

Бюро отырысында, аймақ басшысы бөлінген қаржының мақсатты игеріліп, нысандардың мерзімінде және сапалы орындалуын баса айтты. Сондай-ақ, аудан әкімдері мен басқарма жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Яндекс.Метрика