Домой Новости области Ақмола облысында мыңнан астам есту қабілеті нашар тұрғын бар

Ақмола облысында мыңнан астам есту қабілеті нашар тұрғын бар

529
0

Бүгінде Ақмола облысында мыңнан астам есту қабілеті нашар тұрғын бар. Оның 650 Көкшетау қаласында тұрады. Оларға материалдық тұрғыдан көмек көрсететін «Жеке оңалту бағдарламасы» бар. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға есту аппараттары, арнайы сағат сынды ең қажетті заттар және курорттық орталықтарға тегін жолдамалар беріліп тұрады екен. Ал, аталмыш топтағы адамдардың мәселелелерін қарап, базынасын тыңдау үшін өңірде қоғамдық бірлестік ашылған.

Қоғам мүшелерін алаңдатып отырған өткір сұрақ – аудандарда ымдау тілі мамандарының жетіспеушілігі. Сондықтан, алдағы уақытта, осы бағыт бойынша оқытуды бастаймыз,- дейді бірлестік жетекшісі.

Олар мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне қарамастан қоғамнан өз орындарын таба білді. Отбасын құрып, армандарының орындалулары үшін жанын да барын да салып еңбек етіп жүргендері қуантады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму