Ақмола облысында «Мейірімділік керуені» байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. Аталмыш іс-шара қайырымдылықпен айналысатын адамдарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік пен гуманизм сынды моральдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
«Мейірімділік керуені» жыл сайын жүздеген батыл да қайырымды меценаттар мен Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген нағыз патриоттарды анықтайды. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асырады. Байқау қорытындысы бойынша лауреаттар жеті номинация бойынша марапатталады.
Номинациялардың бірі «Қайырымдылық тарихы» деп аталады. Ол БАҚ қайырымдылық пен әлеуметтік мәселе туралы үздік материал жариялаған журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі.
Байқау төртінші жыл жүзеге асырылып келеді. Өңірдегі қатысушылар саны да жыл сайын артуда. Ұйымдастырушылар биыл да қайырымдылықпен айналысып, ақысыз көмек көрсететін қоғам жанашырларын табуды көздейді. Қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 30-қарашасына дейін қабылданады.