Домой Новости Казахстана Культура Ақмола облысында «Думанды Тобыл» мерекелік концерті өтті

Ақмола облысында «Думанды Тобыл» мерекелік концерті өтті

719
0

«Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесін алған Көкшетау қаласында Қостанай облысының мәдени күні деп белгіленді. Ақмола облысының Үкілі Ыбырай атындағы филармониясында Назымбек Молдахметов атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі «Думанды Тобыл» мерекелік концертін ұсынды.

Қостанай облыстық филармониясы — өнер жолында қаншама өрелі жастардың шабытын шыңдап, мәдениет пен өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан талантты дара тұлғаларды самғатқан киелі қара шаңырақ. Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйші-композиторлардың өлмес мұраларын жаңғыртып, насихаттап, дамытуға өз үлесін қосып, құдіретті өнермен сусындатып келе жатқан кәсіби ұжым.

Концерттік бағдарламада қостанайлық композиторлар — ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, композитор Айтқали Жайымовтың «Думанды Тобыл», «Отпан тау», «Әз Тәуке» шығармалары, сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсеновтың «Шақшақ Жәнібек», «Ұстаз Арманы», «Арақарағай, арман -ай» атты шығармалары орындалды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму