Ақмола облысында бүлдіршіндер үшін 539 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді

Тәуелсіздік алған жылдары елімізде мектепке дейінгі білім беру ісіне ерекше басымдық берілді. Өйткені, балабақша – нағыз білім мен тәрбиенің бастауы. Ақмола облысында бүлдіршіндер үшін 539 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 186-сы балабақша болса, 353-ші шағын орталықтар. Сондай, бөбекжайлардың бірі  — мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында құрылған «Сказка»  балабақшасы болатын.

165 орынға шақталып салынған мекемеде 7 топ жұмыс істейді. Олардың үшеуінде мектеп алды даярлық тобының балалары оқиды. Айта кетерлігі, «Сказка» балабақшасының негізі қаланғанына бүгін бес жыл.

Балабақшада нағыз өз ісінің мамандары жұмыс істейді. Барлығы 16 адам еңбек етеді. Логопед маман, дене шынықтыру жаттықтырушысы, музыкалық педагог та бар. Олар – балаларды шығармашылық жағынан дамытып, қоғамдық шараларға белсене қатысуға тәрбиелейді. Тәрбиеленушілердің көбі түрлі жарыстардың жүлдегерлері.

Педагогикалық ұжым жаңаша технологияларды қолдана отырып, бүлдіршіндерді жыл бойы түрлі байқауларға қатыстыруды мақсат тұтады.

Яндекс.Метрика