Домой Новости области Ақмола облысында ауыл жастарының форумы өтті

Ақмола облысында ауыл жастарының форумы өтті

646
0

Целиноград ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» атты ауыл жастарының форумы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Форумға жас мемлекеттік қызметшілер, жастар бірлестіктерінің белсенділері, волонтерлік ұйымдардың көшбасшылары, оқушылар мен студенттер қатысты.

Ауданның ішкі саясат бөлімінде атап өткендей, форум Целиноград ауданының егемендік жылдары дамуына арналған фотокөрменің ашылуынан басталды. Форумға қатысушылар тарихи, мәдени оқиғалар мен елді мекендердің даму кезеңдері, ауыл тұрғындарының өмірі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауданға сапары және басқа да маңызды іс-шаралар бейнеленген фотосуреттерді үлкен қызығушылықпен қарады.

Форумға қатысушыларды аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков құттықтай отырып,  мұндай іс-шаралар жастарды біріктіріп, олардың қоғамдық белсенді бөлігіне айналуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет жастар мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы»,  «Дипломмен ауылға» және басқа да бағдарламалар жастардың қажеттіліктері мен қабілеттерін өзін-өзі анықтау және іске асыру үшін жағдай жасауға, кәсіби өсуге бағытталған. Бүгінгі таңда жастар біздің қоғамның ең бастамашыл, талантты және мақсатты бөлігі болып табылады, оның жарқын жетістіктерін бүкіл Қазақстан мақтан тұтады және таң қалдырады», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Іс-шара барысында Тәуелсіздік құрдасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айдана Тайсюганова, Ақмола облысы волонтерлік ұйымдарының үйлестірушісі Әсия Қанашева, Қазақстан БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев сөз сөйлеп, өз жұмыстары туралы айтып, болашаққа арналған жоспарлары мен идеяларымен бөлісті.

Форум азаматтық қоғам мен мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін белсенді жастар өкілдерін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму