Ақмола облысында 25 жас шахматшы бір мезгілді ойын сеансына қатысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы IT лицейде классикалық шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметі.

Спорттық турнир Көкшетау қаласының білім бөлімімен мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спортын насихаттау, жас таланттарды қолдау, зияткерлік спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл жарыстың ерекшелігі Көкшетау қаласының құрметті азаматы, педагогикалық еңбек ардагері, шахмат бойынша спорт шеберіне үміткер Тельман Мукушев қала мектептерінің 25 жас шахматшыларымен бір мезгілде ойын сеансын өткізді.

Өз құрдастарының арасында № 2 мектеп-лицейінің оқушысы Бейбарыс Мамыров Тельман Шәріпұлымен тең ойын көрсетті.

Жеңіске деген жігері үшін Бейбарыс Мамыров І дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бір мезгілді ойын сеансының барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Яндекс.Метрика