Домой Новости области Ақмола облысына жыл басынан бері 1 миллион турист келген

Ақмола облысына жыл басынан бері 1 миллион турист келген

364
0

Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай туризм саласының дамуына  үлес қосқан үздіктер марапатталды. Бұл салада көп жыл бойы еңбек етіп, елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар «Тарих, оқиғалар, деректер» атты  фотокөрме қорытындыланып, 3 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ақмола облысына жыл басынан бері 1 миллион турист келген. Өңірдің туристік инфрақұрылымдық кешенін дамыту үшін тартылған инвестиция сомасы 6,7 миллиад теңгеге жеткен. Нәтижесінде 22 жоба іске асты. Елорда маңындағы аудандардың аумағында 642 миллион теңге инвестиция сомасына бес жобаны іске асыру қолға алынған. Оның ішінде 20 глэмпинг орнату, «Эко ферма» құрылысы, «Таза бұлақ» демалыс аймағының өндірістік қуатын кеңейту және жол бойындағы сервис нысанның құрылысы бар.

Сонымен қатар іс-шарада туризмді түлетуге үлес қосқан ардагерлер де  марапатталды. Туризм саласында 15 жылдан астам уақыт еңбектенген Дәрия Әбілмәженова Ақмола облысының туризмін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

«Тарих, оқиғалар, деректер» атты  фотокөрмеде «Туризм тарихы», «Табиғат пен адам», «Жарқын адамдар» атты 3 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму