Ақмола облысы жолдарының 80 процентінің жағдайы көңіл көншітерлік

Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінген. Бұл да болса, еліміз Тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктер мен атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі.

Еліміз тәуелсіздік алғалы, облыс жолдарын жөндеу жұмыстарына миллиардтаған қаражат құйылып келеді. Тек, биылғы жылдың өзінде бұл мақсатқа 38 млрд теңге бөлініпті. Әр тиын мақсатты түрде жұмсалып, көптеген жобалар жүзеге асырылып жатыр,- дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары.

Сонымен қатар, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Степногорск қаласының жолдарын жөндеуге 220 миллионнан астам қаражат бөлініпті. Ал,  курорттық аймақты дамыту мақсатында Бурабай ауылының ескі жолдарын жөндеп,  жаңа жолдар салу үшін бюджеттен 367 млн қарастырылған.

Мемлекеттен бөлінген қаражаттың әр тиыны тиімді пайдаланылуы тиіс. Сондықтан, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауда ұстаймыз дейді басқарма мамандары. Ал, егер жөнделген жолдардың сапасы нашар болса, мердігер компания қайта жөндеу жұмыстарын өз есебінен жүргізуге міндетті болады.

Яндекс.Метрика