Домой Новости области Ақмола облысы жастары белсенділері күн сайын ел болашағының дамуына үлкен үлес қосуда

Ақмола облысы жастары белсенділері күн сайын ел болашағының дамуына үлкен үлес қосуда

403
0

Ел Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде «Jas Otan»жастар ұйымы құрылды. Көптеген жылдар бойы ол жас саясаткерлердің тұтас ұрпағын тәрбиеледі. Ақмола облысы жастар қанатының белсенділері күн сайын ел болашағының дамуына үлкен үлес қосуда.

Қазақ елінің дамуына қосар үлесіміз мәңгілік. Волонтерлер қызметінің мәнін дәл осылай түсіндіруге болады. «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері 2014 жылы «Феникс»волонтерлар орталығын құрды. Ұйымның басты міндеті-жастардың қайырымдылық рухын дамыту. Олар  ерікті еңбек идеяларын қоғам игілігі үшін насихаттайды.

Сондай-ақ жастар қала өміріне белсенді араласады. Бұл экологиялық акциялар, мәдени-білім беру бағдарламалары, халықтың түрлі топтарына психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету болып табылады. Бүгінгі таңда ұйымда жоғарғы оқу орындарының студенттерінен құрылған жүзден астам адам бар.

Орталықтың мақсаты -белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді және патриоттық сезімді қалыптастыру . Қазіргі уақытта ұйым жанында еріктілер мектебі де жұмыс істейді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму