Домой Новости области Ақмола облысы бойынша жолдардың жөндеу жоспарының 73 проценті орындалды

Ақмола облысы бойынша жолдардың жөндеу жоспарының 73 проценті орындалды

421
0

Қазіргі таңда, Ақмола облысы жолдарының жалпы ұзындығы  7890 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар 2661 шақырым болса, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2965 шақырым. Жыл басында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 300 шақырымын жөндеу көзделген болатын. Әзірге, жоспардың 73 проценті орындалды.

Жыл басында облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 300 шақырымын жөндеу жоспарланған болатын. Оған республикалық және облыстық бюджеттен, шамамен, 38 млрд теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда бұл соманың 28 миллиарды игеріліп, жоспарланған жолдың 220 шақырымы жөнделген. Қалған 80 шақырымды қазан айының соңына дейін аяқтаймыз,-дейді мамандар.

Жолдардың сапасы мемлекет назарында. Бұл мақсатқа жыл сайын бюджеттен миллиондаған қаражат бөлінеді. Соның нәтижесі болар, облыс жолдарының 78 проценті, қазіргі таңда, жақсы күйде деп саналады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму