Ақмола облысы аумағында Төтенше Жағдайлар Департаменті Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Науқан аясында сенбі күндері департамент қызметкерлері еріктілер, жергілікті атқарушы органдар және депутаттық корпуспен бірлесіп аулаларда тексеріс жүргізеді. Тұрғындарға жылыту маусымына дайындық кезеңіндегі өрт қауіпсіздігнің ережелері түсіндіріледі.
«Өрт қауіпсіздігі айлығы және жылыту маусымына дайындық» акциясы жылына 2 рет өткізіледі. Нәтижесінде, көкшетаулық 36 отбасы жылу беру маусымына дайын. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылуда. Есепте — 7000-нан астам отбасы тұр.
Акция аясында қызметкерлер өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын ескертеді.
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары әсіресе,жылыту кезеңінде және жаңа жылдық мерекелердің алдында жүргізіледі. Өткен жылдағы жылыту маусымымен салыстырғанда облыста төтенше жағдайлар саны 2 есеге азайып отыр.