Ағымдағы жылдың 13-21 маусымы аралығында өңір аумағында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы басталады, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі хабарлауынша.
Іс-шара тұрмыс саласындағы қылмыстардың алдын алуға және ашуға байланысты жедел жағдайды тұрақтандыруға, облыс аумағында тұрмыстық негізде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.
Акция барысында полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, профилактикалық есепте тұрған, қадағалаудағы, әкімшілік қадағалауға формальды түрде түсетін, оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және ерекше талаптар белгіленген адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 5 айында учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 367 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 304 әкімшілік хаттама және ұрып-соққаны үшін 124 әкімшілік хаттама толтырылды. Республикалық акция жұртшылық, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді қатысуымен өткізіледі.