Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі республика аумағында көптеген кәсіпорын бой көтеріп, іске қосылды. Және олар осы күнге дейін дамып, алға басуларын тоқтатқан емес. Солардың бірі – «Астана-Нан» серіктестігі. Кәсіпорын 1999 жылы құрылған. Жиырма жылдан астам уақыт жоғары сапалы өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіріп, сатумен айналысады.
Компания пестицидтер, тұқымдар, өсімдіктердің өсу реттегішін, одан қалды, өздерінің және шетелдік өнімдердің көптеген түрін ұсынады. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы дақылдарының барлық түрін қорғайтын тиімді шешімдер ұсынады. 2010 жылы химиялық қорғаныш заттарын шығаратын филиал – «Astana-NanChemicals» серіктестігі бой көтерді. Ол жылына, шамамен, 50 000 тонна дайын өнім береді.
Еліміздегі егіс алқаптарының 25% астамы «Астана-Нан» серіктестігі өндіретін препараттармен өңделеді. Мұндағы білікті мамандардың бірі – Жақсылық Жұмадіров Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Кәсіпорында 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Пестицид өндіру бойынша бұл кәсіпорын еліміздегі ең ірі өндіріс ошағы. Жетекші сарапшылардың пікірінше, серіктестік жабдықталуы мен өнім қуаттылығы бойынша Орта Азиядағы үздік компания.