Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға, Новорыбинка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға және Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық аурухана құрамындағы перинаталдық орталыққа барды.
Министр аурухана басшылығымен бейінді мамандардың тапшылығы мәселесін талқылап, оларды шарттық негізде белгілі бір күндері Астанадан бірлесіп орындаушылар ретінде шақыруды ұсынды.
Аурухананың негізгі ғимаратының тозуын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаңа корпустың құрылысын қаржыландыруға көмектесуге уәде берді.
«Біз бүгін бірінші кезекте ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі жобаны дамытатын боламыз. Бұл біздің бірлескен үлкен міндетіміз, екі жыл ішінде ауылдық жерлерде 655 денсаулық сақтау нысанын салу, оның ішінде 38-ін осы облыста салу жоспарланған. Біз оларды сапалы түрде дайындап, халықты оңалтуға және жалпы сауықтыруға, МСАК — ты дамытуға көбірек көңіл бөлуіміз керек», — деп А.Ғиният Ақкөл ауданының медициналық жұртшылығына сөйлеген сөзінде атап өтті.
Дәрігерлер қайта қарауды қажет ететін хирургиялық бейіндегі қызметтерді көрсету шарттарына қатысты сұрақтар қойып, арнайы мамандарды қайта даярлау жөнінде ұсыныстар енгізді.
Ақкөл ауданының аумағында ведомство басшысы 2 мың халқы бар Новорыбинка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды, онда ұлттық жоба шеңберінде жаңа ғимарат салу көзделуде.
«Науқасты басқа қалаға немесе Астанаға алыс қашықтыққа диагностикалауға жібермеу үшін телемедицинамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру керек, біз өз тарапымыздан ауылдық дәрігер үшін жаңа ФАП ғимаратын барлық қажетті құрал-жабдықтармен, соның ішінде жаңа көлікпен қамтамасыз етеміз», — деді А.Ғиният ауылдық дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері Қасым Қалыдбайұлына.
Келесі нысан Көкшетау қаласындағы перинаталдық орталық болды, онда министр балалар реанимациясы бөлімшесінің және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің және шала туылған нәрестелерді күтудің екінші кезеңінің жұмысымен танысты.