Домой Новости области 2020 жылы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі 79 миллиард теңгеден...

2020 жылы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі 79 миллиард теңгеден асты

599
0

Былтыр Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі 79 миллиард теңгеден асты. Тәуелсіздік жылдары өңірдің ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жоба іске асырылды. Оның ішінде Елорда маңындағы азық-түлік белдеуін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Егер өңірдің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары небары 11 миллион болса,  былтыр 670 миллиард теңгеден асты. Бұл өсім көбіне облыстың ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестицияға тікелей байланысты. Былтырдың өзінде 79 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Іске асырылған инвестициялық жобалардың ішінде «KazBeef», «Экомилк», «Агримерастық» сияқты ірі кәсіпорындардың іске қосылуы бар. Ең ірі жоба – «Макинск құс фабрикасы», жалпы құны 78 миллиард теңге.

«Елорда маңындағы азық-түлік белдеуі» бағдарламасы аясында шамамен 180 миллиард теңгенің 370 инвестициялық жобасы іске асырылды. Агроөнеркәсіптік кешендегі ірі жобалар бойынша өсімдік, мал шаруашылығы, қосалқы материалдар мен  ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия бөлінеді. Мысалы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша соңғы 10 жылда өңірдің 160-тан астам кәсіпорны мемлекеттен қолдау тапты.

Соңғы жылдары өңірдің 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы кәсіпорны мемлекеттік субсидия алды. Жыл сайын 800-ден астам ауыл шаруашылығы субъектісі осындай қолдауға ие болады. «ҚазАгро» және «ҚазАгроҚаржы» ұлттық компаниялары тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және жем-шөп өндіру, жылыжай кешендерін ашу жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы сала дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму