Домой Новости области 2012 жылы Ақмола облысында студент жастары ұйымының филиалы құрылды

2012 жылы Ақмола облысында студент жастары ұйымының филиалы құрылды

379
0

Тәуелсіз мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Еліміздің белсенді студенттерінің бастамасымен 2005 жылы Қазақстан студенттер Альянсы құрылды. Оның құрамына республиканың түкпір-түкпірінен 170-тен астам жоғарғы оқу орнының өкілі кірді. 2012 жылы Ақмола облысында студент жастары ұйымының филиалы құрылды.

Қазақстанның студенттер Альянсы-бұл жоғары оқу орындарында білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын республикалық қозғалыс.  Ұйымның басты мақсаты-білім беру сапасын арттыру, жастардың бойына жағымды қасиеттерді сіңіру. 2018 және 2019 жылдары студенттер альянсының Ақмола филиалы үздік жобалар номинациясын жеңіп алды. Солардың бірі – «Study Union» жобасы.

Бүгінде Ақмола облысының филиалында 160-қа жуық адам бар.  Олардың 100-ге жуығы волонтерлік қызметпен, қалғандары ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырумен айналысады. Студенттер Альянсы қызметінің тағы бір бағыты студенттердің оқуы мен тұратын жеріне тексеру жүргізу және барынша жағдай жасау болып табылады.

Қазақстан Студенттер альянсының барлық филиалы бірлесіп жұмыс істеуді әдетке айналдырған. Олар жыл сайын түрлі республикалық съездер, байқаулар ұйымдастырып, лагерьлер ашуды да қолға алған. Сонымен бірге мониторингтік топтар да жұмыс істейді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму